ӘЛЕМ

Қырым көпіріндегі шабуылдан кейін қозғалыс уақытша тоқтатылды

17 қарашаға қараған түні көпірге дрондармен жасалған шабуылдан екі адам қаза тауып, нысанның құрылымдары бүлінген. Ресей Тергеу комитеті терроризм актісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Egemen Qazaqstan

Ресейдің Көлік министрлігі көпірдің автомобиль және теміржол бөліктеріндегі қозғалыс уақытша тоқтағанын мәлімдеді. Санкт-Петербург, Мәскеу және Адлерден Қырымға бет алған «Таврия» пойыздары да кешіккен.

Тергеу комитеті оқиғаның мән-жайын анықтап, қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтап жатқанын хабарлады. Ведомство көпір құрылымдарының зақымданғанын растады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61