ҚОҒАМ

16,6 млн қазақстандықтың дерегі тарады деген ақпарат тексеріліп жатыр

Даркнетте Жоғарғы сотқа тиесілі делінген деректер базасы 50 мың долларға сатылымға қойылған. Сот әкімшілігі ықтимал ақпараттың таралуын мемлекеттік органдармен бірге тексеріп жатыр.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Kursiv

Brose бүркеншік атын қолданған сатушы базаның Sud.kz сайтымен байланысты екенін және 2014–2026 жылдарды қамтитынын мәлімдеген. Оның айтуынша, 186 кестеде 507 млн жазба бар. Бұл — адамдар саны емес, жазбалар саны.

Сатушы жеке деректермен қатар, сот істеріне қатысушылар туралы 13,3 млн және компанияларға қатысты 6,8 млн жазба барын айтқан. Тізімде ЖСН, паспорт мәліметтері, сот құжаттары мен төлем ақпараты көрсетілген. Сондай-ақ парольдердің хештері, әкімшілердің есептік деректері мен сеанс токендері барын мәлімдеген. Ақпараттың Жоғарғы сот жүйелерінен алынғаны әзірге расталмады. Сот әкімшілігі оқиғаны басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп тексеріп жатқанын хабарлады. Ведомство бірыңғай сот органдары порталы қауіпсіздік тексерулерінен өткенін және дербес деректерді қорғау талаптарын ескере отырып әзірленгенін айтты.

SOCRadar дерегінше, база шынайы болса, ондағы мәліметтерді қаржылық алаяқтыққа, аккаунттарды иемденуге және құпия сот материалдарына қол жеткізуге пайдалануы мүмкін.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61