ҚОҒАМ
Қостанай облысында алтыншы сыныптың екі оқушысына бесінші сынып оқушысын зорлады деген айып тағылды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Қостанай облысының білім басқармасы бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Тергеу аясында қажетті сараптамалар тағайындалады.
Оқушылардың ата-аналарына кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу міндетін тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған. Мәселе Қамысты ауданының кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының отырысында қаралады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61