ӘЛЕМ

Прагада екі пойыз соқтығысып, 46 адам ауруханаға жеткізілді

Чехия астанасында таңғы қарбалас уақытта болған апаттан ондаған адам жарақат алды. Екі машинистің жарақаты ауыр, қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: BBC News Русская служба

Пойыздар жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00 шамасында басты теміржол вокзалына жақын көпірде соқтығысқан. Билік құрамдардың қала ішінде төмен жылдамдықпен жүргенін мәлімдеді.

Әртүрлі дәрежеде жарақат алған 46 адам, оның ішінде 16 шетел азаматы ауруханаға жатқызылды. Чехияның көлік министрі Иван Беднаржик апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз екенін айтып, алдын ала мәлімет бойынша, пойыздардың бірі бағдаршамның тыйым салатын сигналына қарамастан өткен болуы мүмкін екенін жеткізді.

Жолаушыларды пойыздардан эвакуациялауға құтқарушыларға шамамен екі сағат қажет болды. Прага полиция басқармасының мәліметінше, құтқару жұмыстары аяқталып, апаттың мән-жайын анықтау басталды. Қаладағы басты вокзал арқылы өтетін өзге пойыздардың қозғалысы бұзылып, жолаушыларға балама бағыттарды пайдалану ұсынылды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61