ДЕНСАУЛЫҚ
Өңірде соңғы бір жарым айда қызылшаның 45 жағдайы тіркелген. Ауру асқынып, бір жастағы баланы аман алып қалу мүмкін болмады.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, бала 14 қарашада Жылыой ауданынан санитарлық авиациямен Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Бұған дейін ол аудандық ауруханада ем қабылдаған.
Ауруханаға түскен сәтте баланың жағдайы аса ауыр болған. Қызылша аясында екіжақты өкпе қабынуы, тыныс алу және жүрек жеткіліксіздігі дамыған. Дәрігерлер қарқынды ем жүргізгенімен, баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Ата-анасы баланы вакцинациялаудан бас тартқаны хабарланды, ал кардиохирург екпе салуға тыйым салған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61