ҚОҒАМ
Оқу-ағарту министрлігінің білім беру нысандарын терроризмнен қорғау туралы бұйрығы 18 қарашада күшіне енді. Құжатқа сәйкес, мектеп басшысы нысан осал нысандар тізіміне енгізілгені туралы хабарлама алғаннан кейін паспорт жобасын әзірлеуі керек.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Бұйрық білім беру ұйымдарын терроризмге қарсы қорғау жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер енгізеді. Екінші топқа аудан орталықтары мен аудандық, облыстық, республикалық маңызы бар қалаларда және елордада орналасқан білім беру нысандары, сондай-ақ орналасқан жеріне қарамастан, қызметкерлері мен білім алушыларының жалпы саны 700 адамнан асатын нысандар кіреді.
Қорғау талаптары топқа байланысты белгіленеді. Бірінші топтағы мектептерде хабарлау жүйесі, бейнебақылау жүйесі болып, оның бейнесі ішкі істер органдарына берілуі және дабыл түймесі болуы керек. Екінші топтағы мектептерде турникет пен жеке күзет ұйымымен жасалған шарт бойынша күзет қарастырылған. Балабақшаларда турникеттің орнына домофон орнатылады. Бұл талаптар бұйрыққа дейін де қолданыста болған.
Құжатта қалалық елді мекендерде мемлекеттік балабақшалар мен орта білім беру ұйымдарының қолданыстағы желісін сақтау кепілдігі де бекітілген. Бұйрықтағы бұл норма Конституцияда кепілдік берілген тегін білім алу құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61