САЯСАТ

16 жасқа толмағандарға онлайн-платформаларда тіркелуге тыйым салынуы мүмкін

Құрылтай онлайн-платформалар мен бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарап жатыр. Құжат балалардың мессенджерлерден басқа платформаларда тіркелуіне шектеу қоюды көздейді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевтың айтуынша, ұсынылып отырған норма балалардың цифрлық ортадағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Тыйым жеке қарым-қатынасқа, сондай-ақ ата-аналармен және мұғалімдермен байланысуға арналған мессенджерлерге қолданылмайды.

Заң жобасы қабылданса, онлайн-платформалардың иелері мен өкілдіктері пайдаланушылардың жасын тексеруге міндеттеледі. Тексеру тәртібін уәкілетті орган цифрландыру және дербес деректерді қорғау саласындағы органдармен бірлесіп айқындайды.

Құжатта жас мөлшерін растау жолы және 16 жасқа толмаған балалардың бұрыннан ашылған аккаунттарының тағдыры нақтыланбаған. Заң жобасы қабылданған жағдайда алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 60 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енуі тиіс.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61