ӘЛЕМ

Иран АҚШ-тың Кешм аралындағы нысандарға соққы жасағанын мәлімдеді

Хормозган провинциясы губернаторының орынбасары Ахмад Нафиси 17 қарашада аралдағы нысандарға соққы жасалғанын айтты. Оның мәліметінше, тұрғын үйлер мен инфрақұрылым зардап шекпеген.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Kursiv

Нафисидің айтуынша, Кешмдегі жағдай бақылауда. Аралдағы құтқару, коммуналдық және әкімшілік қызметтер толық дайындыққа көшкен.

Иран билігі соққының нақты қай нысандарға бағытталғанын жарияламады. АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы Reuters агенттігінің сауалына әзірге жаңа мәліметі жоқ екенін жеткізген.

Кешм — Иранның ең үлкен аралы. Ол Ормуз бұғазының солтүстік кіреберісіне жақын орналасқан. Аралда еркін экономикалық аймақ, жүк порты және халықаралық әуежай бар. Оның оңтүстік жағалауында Ислам революциясы сақшылары корпусының әскери-теңіз базасы орналасқан.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61