ДАМУ

Қазақстанның үш жылдық бюджетінде қосымша шығындарға 114 млрд теңге қарастырылды

2027 жылы ең төменгі жалақыны көтеруге 75,9 млрд теңге жұмсалады. Қаражат медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыруға, Астанаға су құбырын тартуға және АЭС жобасына да бөлінеді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

Мәжіліс 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджетті түпкілікті мақұлдады. Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечинаның айтуынша, 2027 жылы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға қосымша 114 млрд теңге қарастырылған.

Оның 75,9 млрд теңгесі ең төменгі жалақыны 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеруге бағытталады. Бұл бюджет саласында жұмыс істейтін шамамен 370 мың адамның табысын арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін учаскелік қызметтің 77 мыңнан астам маманына лауазымдық жалақысының 20–50 пайызы мөлшерінде қосымша ақы төлеу жоспарланған. Оның мөлшері үздіксіз еңбек өтіліне байланысты болады.

Медицина қызметкерлері мен әлеуметтік сала мамандарына арналған шараларды қаржыландыруға жыл сайын 135 млрд теңге қажет. Республикалық бюджеттен 32 млрд теңге бөлінеді: оның 20 млрд теңгесі — қосымша қаражат, 12 млрд теңгесі қайта бөлу есебінен қарастырылған. Қалған 103 млрд теңгені міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы бағыттау жоспарланып отыр. Психологтар мен әлеуметтік қызметкерлерге психоэмоциялық және физикалық жүктемесі үшін қосымша ақы төленеді.

Инфрақұрылымдық жобалар мен өзге тапсырмаларға 101,5 млрд теңге бөлу ұсынылды. Оның ішінде Қаныш Сәтбаев атындағы каналдан Астанаға дейін су құбырын салуға 34,5 млрд теңге, шекарадағы тоғыз автомобиль және бір теміржол өткізу пунктін жаңғыртуға 21,9 млрд теңге, «Балқаш» АЭС жобасы бойынша іздестіру жұмыстарына 16,2 млрд теңге көзделген. Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру бөлімдерін жабдықтау мен қызметкерлер санын арттыруға тағы 5,5 млрд теңге, басқа шығындарға 26 млрд теңге қарастырылған.

Өңірлердегі 52 инфрақұрылымдық жобаға қосымша 47 млрд теңге бөлінеді. Оның 28 млрд теңгесі жылу, газ және электрмен жабдықтау нысандарына, 4 млрд теңгесі сумен қамту жобаларына, соның ішінде Түркістан облысындағы магистральдық су құбырының құрылысына 3 млрд теңге бағытталады. Шымкентте емхана құрылысын бастауға 2,5 млрд теңге, Жетісу, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы арнайы экономикалық аймақтардың инфрақұрылымына 6,5 млрд теңге бөлінеді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61