САЯСАТ

Қазақстан Сингапурдан заңсыз шығарылған активтерді қайтара алады

Сингапурмен қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы келісім ратификацияланды. Бас прокуратура өкілінің айтуынша, қазір бұл елде Қазақстаннан заңсыз шығарылған активтер анықталмаған.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

Құрылтай отырысында депутат Шахмардан Байманов Сингапурда Қазақстаннан заңсыз әкетілген активтер бар-жоғын және келісім оларды анықтап, елге қайтаруға мүмкіндік бере ме деп сұрады.

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевтің айтуынша, келісім мүлік пен банк шоттарын анықтап, активтерді бұғаттауға және кейін тәркілеуге мүмкіндік береді. Тәркіленген ақша мен өзге де мүлік Қазақстанға қайтарылады. Егер мұндай активтер алдағы уақытта анықталса, олар елге толық көлемде қайтарылады.

Келісім аясында дәлелдемелер жинау, тінту және басқа да процессуалдық әрекеттер жүргізу, банк шоттары туралы ақпарат алу, қылмыстық жолмен алынған кірістерге қатысты шара қолдану, сараптама өткізу, айғақ алу және адамдардың тиісті процессуалдық әрекеттерге қатысуын қамтамасыз ету көзделген.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61