ӘЛЕМ

Ресейдің Кемерово облысында Ан-12 ұшағы апатқа ұшырап, 19 адам қаза тапты

Әскери-көлік ұшағы Ягуново ауылы маңындағы елсіз жерге құлаған. Апаттың алдын ала себебі ретінде техникалық ақау қарастырылып жатыр.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Kursiv

Апат 17 қарашада болды. Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ұшақ жоспарлы рейс орындаған. Борттағы экипаж мүшелерін қосқанда 19 адамның бәрі қаза тапқан.

Кемерово облысының губернаторы Илья Середюк оқиға орнына барды. Апат аумағында жедел штаб құрылып, құтқарушылар, медицина қызметкерлері мен құқық қорғау органдарының өкілдері жұмыс істеп жатыр. Мамандар ұшақ сынықтарын зерттеп, оқиғаның мән-жайын анықтауға кіріскен.

Ресей Қорғаныс министрлігі апатқа техникалық ақау себеп болуы мүмкін екенін хабарлады. Қорытынды себеп тергеу аяқталғаннан кейін белгілі болады. Оқиғаны тексеру үшін Ресейдің Әуе-ғарыш күштерінің комиссиясы жіберілді, ал Ресей Тергеу комитетінің Бас әскери тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61