САЯСАТ

Тоқаевтың АҚШ сапарына дайындық Ақордада талқыланды

Қазақстан президенті Касым-Жомарт Тоқаев желтоқсанда Майамиде өтетін G20 саммитіне баруға дайындалып жатыр. Сапар мәселесі 18 қарашада Ақордада қаралды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Kursiv

Тоқаев АҚШ-пен келіссөздер жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыханды қабылдады. Ол «Үлкен жиырмалық» саммитіне дайындық барысы туралы баяндады.

Баяндамадан кейін мемлекет басшысы АҚШ-пен ынтымақтастықты дамытуға қатысты тапсырмалар берді. Саммит Майамиде 14–15 желтоқсанда өтеді. Қазақстан G20 құрамына кірмейді, алайда Тоқаевты жиынға АҚШ президенті Дональд Трамп жеке шақырған.

Трамп қазан айында Қазақстанның Республика күніне орай жолдаған құттықтау хатында Тоқаевпен саммит аясында кездесуді асыға күтетінін жазған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61