ҚОҒАМ

«Отбасы банк» тұрғын үй кезегіндегі азаматтардың деректерін тексеріп жатыр

Жеке меншігінде баспанасы бар 52 535 адам тұрғын үй кезегінен шығарылды. Енді банк ортақ меншіктегі үйлерге қатысты мәліметтерді қарайды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Egemen Qazaqstan

Тексеру 2026 жылғы 14 қыркүйекте заңға енгізілген өзгерістерден кейін басталған. Жаңа тәртіп бойынша «Отбасы банк» кезекте тұрған азаматтардың жылжымайтын мүлкі бар-жоғын олардың жеке келісімінсіз анықтай алады.

Келесі кезеңде ортақ бірлескен меншігінде баспанасы бар адамдардың деректері қаралады. Алайда мұндай мүліктің болуы азаматты кезектен автоматты түрде шығаруға негіз болмайды: әр жағдай заң талаптарына сай жеке бағаланады.

Тексеру кезекке жаңадан тіркелгендерге де, баспананы бірнеше жылдан бері күтіп жүргендерге де қатысты. Кезектегі мәртебені Orken порталынан көруге болады. Егер баспана немесе отбасы құрамы туралы ақпарат қате болса, оны түзету үшін банкке хабарласу қажет.

Банк заң талаптарына сай тұрғын үйге мұқтаж ретінде тіркелген азаматтарға алаңдауға негіз жоқ екенін мәлімдеді. Жүргізіліп жатқан жұмыс есеп деректерінің дәл әрі өзекті болуын қамтамасыз етуге және мемлекеттік қолдау тетіктерінің ашықтығы мен әділдігін арттыруға бағытталған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61