Bugin
Алматыда сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында «Әділет» партиясының Жетісу аудандық сайлауалды штабының өкілдері «Асфальтобетон-1» зауытының еңбек ұжымымен жүздесті. Кездесу барысында өндіріс орындарын қолдау, қалалық инфрақұрылымды жаңғырту және еңбек адамының мәртебесін көтеру мәселелері сөз болды.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Жиынға «Әділет» партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар, Жетісу аудандық сайлауалды штабының мүшелері мен кәсіпорын қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында партияның 2026–2031 жылдарға арналған Алматы қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Атап айтқанда, қаланың экономикалық дамуы, жаңа жұмыс орындарын ашу, шағын және орта бизнесті қолдау, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мәселелеріне басымдық берілді.
«Әділет» партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат Елдос Атамқұлов өндірістік кәсіпорындарды дамытып, еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру маңызды екенін атап өтті.
«Өндірістік кәсіпорындар қаланың экономикалық дамуында маңызды рөл атқарады. Сондықтан өндірісті жаңғыртумен қатар, жаңа жұмыс орындарын ашуға, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге және қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға көңіл бөлу қажет. Қаланың дамуында еңбек ұжымдарының тәжірибесі мен ұсыныстарын ескеру маңызды. Экономикалық өсім ең алдымен тұрғындардың әл-ауқатының артуынан көрініс табуы тиіс», – деді Елдос Атамқұлов.
Дайындаған: «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: С.В. Канкуров
Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61