Bugin

Алматының көлік және экология мәселелері – «Әділет» партиясының назарында

Алматыда сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында «Әділет» партиясының өкілдері қалалық «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметкерлерімен кездесті. Жиында көлік инфрақұрылымын дамыту, экологиялық жағдайды жақсарту және қаланың тарихи келбетін сақтау мәселелері талқыланды.

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Кездесуге «Әділет» партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар, Алмалы аудандық сайлауалды штабының мүшелері мен кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері қатысты.

Басқосу барысында партияның 2026–2031 жылдарға арналған Алматы қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды.

Талқылау кезінде қоғамдық көлік мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Қатысушылар метрополитендегі жүктеменің көптігі, қарбалас уақытта вагондар санын арттыру, болашақ «Қалқаман» метро станциясының көлік қолжетімділігі және Әшімов көшесі маңында автобус аялдамасының жоқтығы туралы мәселелерді көтерді.

Сондай-ақ қаланың тарихи келбетін сақтау, Абылай хан даңғылындағы жөндеу жұмыстарынан кейін жол жабынын сапалы қалпына келтіру және көлік қозғалысының қарқындылығын ескере отырып, коммуналдық жұмыстарды жоспарлау жайы сөз болды. Бұдан бөлек, ауаның ластануы мен смог мәселесі де назардан тыс қалмады.

Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат Шыңғысхан Маманов қаладағы өзекті мәселелерді шешуде кешенді тәсіл қажет екенін атап өтті.

«Алматының дамуы көлік, инфрақұрылым және экология мәселелерін шешуде жүйелі тәсілді талап етеді. Тұрғындардың күнделікті қажеттіліктерін ескеріп, жөндеу жұмыстарын тиімді жоспарлау және қоғамдық көліктің қолжетімділігін қамтамасыз ету маңызды. Сонымен қатар қаланың тарихи келбетін сақтауға және қоршаған ортаның сапасын жақсартуға ерекше көңіл бөлу қажет. Бұл мәселелерді шешу үшін кәсіпкерлер қауымдастығы, салалық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өзара ынтымақтастығы маңызды», – деді Шыңғысхан Маманов.

Кездесу соңында тараптар сайлаудан кейін де өзара жұмысты жалғастыру мүмкіндіктерін қарастырды. Атап айтқанда, көтерілген мәселелерді зерделеу және нақты шешімдер әзірлеу үшін салалық ұйымдармен кездесулер өткізу ұсынылды.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: С.В. Канкуров
Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61