ҚОҒАМ
Қарағанды облысында екі қызға қатысты заңсыз әрекеттер туралы арыздан кейін қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдіктілердің алтауы уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Қарағанды облысының Полиция департаменті 16 қарашада Балқаш қаласының 55 жастағы тұрғынынан қыздарына қатысты заңсыз әрекеттер туралы арыз түскенін хабарлады. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полицияның мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер анықталып, ұсталған. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құқыққа қайшы әрекеттер әртүрлі уақытта және әр жерде жасалғаны анықталған.
Бұған дейін әлеуметтік желідегі жазбада Балқашта 13 және 15 жастағы екі қызға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық жасалғаны айтылған. Полиция тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауында екенін мәлімдеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61