ҚОҒАМ
Ирина Керннің денесі 13 қарашада Теміртаудан 22 шақырым жерден табылды. Марқұмның әпкесі тергеудегі күдіктіге қатысты өз нұсқасын айтты.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
38 жастағы Ирина Керн 20 қыркүйекте жоғалып кеткен. Оны іздеуге туыстары, еріктілер мен әскери қызметшілер қатысқан. Марқұмның жақындарының айтуынша, іздеуге оның бірге тұрған адамы да араласқан. Кейін ол негізгі күдікті ретінде ұсталды.
Туыстарының сөзінше, әйелдің бөлшектелген дене қалдықтары күдікті от жағушы болып жұмыс істеген делінетін шипажай аумағындағы көлден табылған. Полиция 13 қарашада Теміртаудан 22 шақырым жерден зорлық белгілері бар 38 жастағы әйелдің денесі табылғанын хабарлаған. Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды.
Марқұмның артында үш баласы қалды, кенжесі үш жаста. Оларды анасының әпкесі қамқорлығына алмақ. Иринаның әпкесі Анастасия Духова күдіктінің әйелді жарты сағаттай ұрып, кейін денесін көлге жасырғанын айтты. Оның сөзінше, күдікті іздеу жұмыстарына қатысқанымен, әйелдің өліміне қатысы барын мойындамай, тергеуді жаңылыстырған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61