ӘЛЕМ

Путин мен Трамп АТЭС саммитінде екіжақты кездесу өткізді

Ресей мен АҚШ президенттері Шэньчжэньдегі халықаралық алмасулар орталығында жүздесті. Кездесу Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен үшжақты келіссөздер алдында өтті.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

Владимир Путин мен Дональд Трамп АТЭС саммитінің пленарлық отырысына қатысқаннан кейін екіжақты әңгімелесті. Кездесу Шэньчжэнь қаласындағы Халықаралық алмасулар орталығында өтті.

Трамп Путинмен қарым-қатынасы жақсы екенін айтып, Ресей президентін досы деп атады және оны көргеніне қуанышты екенін жеткізді. «Меніңше, бұдан көп жақсы нәрсе шығуы мүмкін немесе, ең болмағанда, басталуы мүмкін», – деді АҚШ президенті.

Бұған дейін, АТЭС көшбасшыларын суретке түсіру рәсімі алдында Путин мен Трамп Си Цзиньпиннің көзінше амандасып, бірнеше ауыз сөз алмасқан.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61