Weekend

Димаш Құдайберген әлемдік музыка жұлдызымен дуэт дайындауда

Бұл кім болды екен?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында хабарлағандай, әлемдік деңгейдегі әнді орындауға дайындалып жатыр екен.

Әлемдік музыканың аңызымен дуэт дайындап жатырмыз... "World music award" жеңімпазы, әнді ерекше айту қабілеті, мықты энергетика, бұл адамды әлем бойынша миллиондаған адамдардың жақсы көруіне себеп болды. Кім туралы айтып жатқанымды, кейін білетін боласыздар, – деп жазды Димаш.

Әлемнің түкпір-түкпіріндегі Димаштың жанкүйерлері бұл әншінің кім екенін білмей әртүрлі пікір білдіруде. Кейбіреуі ол атақты Андреа Бочелли немесе Лара Фабиан болуы мүмкін деген ой айтты.