ҚОҒАМ

Жамбыл облысында 715,9 млн теңгеден астам қаржы заңсыз айналымға түскен

Өңірде бірнеше азаматты инвестициядан жоғары табыс түсіремін деп алдады деген күдікпен әйел ұсталды. Тергеу нұсқасы бойынша, банк қосымшасы арқылы 715,9 млн теңгеден астам қаржы қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті бірнеше азаматтың ақшасын иемденген болуы мүмкін. Алғашқы арызды Шымкенттің 71 жастағы тұрғыны берген. Оның айтуынша, әйел бизнеске инвестиция салса, мол табыс табатынына сендіріп, 8 млн теңгесін алған.

Кейін осындай мазмұндағы арыздармен тағы бірнеше адам Жуалы аудандық полиция бөліміне жүгінген. Олар да күдіктінің ақша салуға үгіттегенін, кейін қаражаттарын иемденгенін айтқан.

Тергеу барысында басқа адамның атына жеке кәсіпкерлік тіркеліп, банк қосымшасы арқылы ақша заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырылғаны анықталған. Операциялардың жалпы сомасы 715,9 млн теңгеден асқан.

Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3 және 4-бөліктері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полиция күдіктінің әрекетінен зардап шеккен болуы мүмкін өзге адамдарды анықтап жатыр. Әйел қамауға алынды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61