ӘЛЕМ

Пашинян бейбіт келісімнен кейін қызметінен кетуге дайын екенін айтты

Армения премьер-министрі Никол Пашинян оппозицияға Конституция жобасын референдумға шығару мәселесін ұсынып, екі жағдайда да қызметінен кететінін мәлімдеді. Ол елдің НАТО-ға қосылу жөнінде шешімі жоқ екенін де айтты.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

Парламентте оппозиция өкілдеріне сөйлеген Пашинян референдумда Конституция жобасы мақұлданбаса да, ал мақұлданған жағдайда Әзербайжанмен бейбіт келісімге қол қойылып, ратификацияланып, бейбіт үдеріс күн тәртібіндегі бірқатар тармақ орындалған соң да қызметінен кететінін жеткізді.

Премьер бейбіт күн тәртібіне «Трамп бағытын» ашу мен шекараның күрделі учаскелерін делимитациялауды жатқызды. Оппозиция Конституция жобасын референдумға шығаруға келіспесе, кезектен тыс парламент сайлауы өтетінін айтып, қазіргі парламенттік оппозицияның оған қатысуына жол бермейтінін мәлімдеді.

Үкімет сағатында Пашинян Армения Еуропалық одаққа кіру үдерісін бастағанын айтты. Алайда НАТО-ға қосылу туралы шешім де, мұндай мақсат та жоқ екенін атап өтті.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61