СПОРТ
Қазақстандық спорт өкілдері Азия ойындарында аяқкиім ережесін бұзды деген себеппен нәтижесі жойылған Ясмина Тоқсанбаеваның алтын медалін қайтару үшін спорттық арбитражға жүгінді.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, жеңіл атлетика федерациясы Тоқсанбаеваның ісіне қатысты құжаттарды спорттық арбитражға жолдаған. Министр медаль үшін күрес жалғасып жатқанын айтты.
Мырзабосынов жауаптылар әзірге анықталмағанын, іс аяқталған соң жағдайға толық баға беріліп, қателікке жол берген адамдардың әрекеті қаралатынын мәлімдеді. Оның сөзінше, басты міндет — спортшыны қолдау және мұндай жағдайдың қайталануына жол бермеу.
21 жастағы Ясмина Тоқсанбаева Азия ойындарында 42 шақырымдық марафонда қарсыластарынан озып шыққан. Алайда жарыстан кейін аяқкиімі талапқа сай келмегені анықталып, спортшы жарыстан шеттетілді. Жеңіл атлетика федерациясы оған тиесілі сыйақыны толық төлейтінін айтқан, кейін оған пәтер табыстаған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61