Bugin

Болашақ журналистер жасанды интеллект, фактчекинг және цифрлық контент бойынша оқудан өтті

Алматыда журналистика факультетінің студенттеріне арналған медиасалада жасанды интеллект құралдарын қолдану бойынша білім беру тренингтері аяқталды. Бір аптаға созылған бағдарламаға қаланың жетекші жоғары оқу орындарынан 100-ге жуық студент қатысты.

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Оқу барысында қатысушылар цифрлық платформаларға контент әзірлеу, ақпараттың дұрыстығын тексеру, деректерді талдау және редакция жұмысында заманауи технологияларды пайдалану тәсілдерін меңгерді. Сондай-ақ мультимедиалық журналистика, медиаэтика, әлеуметтік желілермен жұмыс және жасанды интеллект арқылы контент дайындау мен оны ілгерілету тақырыптары қамтылды.

Тренингтер практикалық форматта ұйымдастырылды. Сабақтарды ірі компаниялар мен мемлекеттік ұйымдарға арналған ЖИ шешімдерін әзірлеу және енгізу тәжірибесі бар сарапшылар өткізді. Студенттер нақты кейстерді талдап, заманауи редакциялардың жұмысымен танысып, тапсырмалар орындады.

«Жасанды интеллект журналист мамандығын алмастырмайды. Алайда ол фактіні тексеруге, өзіндік көзқарасқа және кәсіби жауапкершілікке мән бермейтін журналистиканың құнын төмендетеді. Алгоритм мәтін жаза алады, бірақ оның нақтылығына немесе жарияланым салдарына жауап бермейді. Бұл – журналистің міндеті. Сондықтан болашақ мамандар жаңа құралдарды меңгеріп қана қоймай, оларды қай кезде және қалай қолдану керектігін, сондай-ақ олардың мүмкіндіктері мен шектеулерін жақсы түсінуі қажет», – деді «Кселл» АҚ PR бөлімінің басшысы Байрам Азизов.

Жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Кселл» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асырылды. Бастама журналистер қауымдастығының кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталған.

Бұған дейін компания өңірлік журналистерге арналған осындай оқыту бағдарламасын өткізген. Екі ай бойы Шымкент, Ақтау және Алматы қалаларында ұйымдастырылған тренингтерге Қазақстанның тоғыз өңірінен 50-ден астам журналист қатысқан.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61