ӘЛЕМ

Украинадағы соғыс: әскерилер ескі газ құбырында шайқасып жүр

Харьков облысындағы кеңес дәуірінен қалған құбырды Украина күштері жерасты операцияларына пайдаланып жатыр. Әскерилердің айтуынша, бұл жерде дрон мен снарядтан қорғануға болады, бірақ қарсыласпен бетпе-бет келу қаупі бар.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: BBC News Русская служба

Украина әскері құбыр бойымен 15 шақырымға ілгерілеген. «Велес» операциясы биыл сәуірде басталған. Әскерилердің мәліметінше, операция кезінде 100-ден астам ресейлік жауынгер қаза тауып, 30-ға жуығы тұтқынға алынған.

Құбырдың диаметрі бір метрден сәл ғана үлкен болғандықтан, оның ішінде еңбектеп жүруге тура келеді. Жауынгерлер мен жүкті тасымалдау үшін арнайы электр арбасы жасалған. Әскерилер бұл бағытты «Купянск метросы» деп атайды. Құбырдың ішінде дрондар мен снарядтар жоқ, алайда тар кеңістікте қарсыласпен бетпе-бет шайқасуға тура келеді.

Украиналық әскерилер құбырдың ішін қоқыстан, судан және ресейлік күштер орнатқан бөгеттерден тазартқан. Кейбір кедергілер миналанған немесе қаза тапқан ресейлік жауынгерлердің денелерімен жабылған. Құбыр қабырғасынан оқтың кері серпілуі де қауіп төндірген.

Операцияға Украина Ұлттық гвардиясының 13-бригадасы «Хартия» мен «Хартия» корпусының құрамындағы 23-шабуыл полкінің жүздеген колумбиялық еріктісі қатысып жатыр. Олардың бірі Геко 30 күнде небәрі 500 метр жүргендерін айтқан. Тар әрі ыстық құбырда қозғалу оған қиын болған.

Ресей күштері де құбыр ішінде бекініс жасап, украиналық позицияларға өтуге тырысып жатыр. Украина әскері жерасты операцияларын жер үсті және әуе қимылдарымен қатар жүргізеді. 13-бригаданың әскери жоспарлауына жетекшілік ететін Зануданың сөзінше, қазір жер үстінде шабуыл жасау өте қиын, сондықтан жерасты жолы әзірге жалғыз мүмкіндік болып отыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61