Спорт

Әлем күткен жекпе-жекті қазақстандықтар тікелей эфирде көре алады

Конор МакГрегор мен Хабиб Нурмагомедов арасында өтетін жекпе-жек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлем күткен жекпе-жекті отандық «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей көрсету құқына ие болды деп,- Tengrinews сайтына Bugin.kz сілтеме жасап хабарлайды.

 

«2018 жылдың қыркүйек пен желтоқсан айлары аралығында «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарында UFC-тің 14 жекпе-жегі эфирге шығады. Соның ішінде, 6 қазан күні Лас-Вегаста өтетін ирландиялық Конор МакГрегор мен ресейлік Хабиб Нурмогомедовтың арасында өтетін UFC 229 кеші де көрсетілетін болады. Ал, 2019 жылы 40-тан аса турнирдің көрсетілімі жоспарланып отыр. Жекпе-жек кештерінің негізгі көрсетілімінен бөлек, Қазақстандағы белгілі ММА мамандарының қатысуымен түрлі студиялық бағдарламалар мен атақты UFC спортшылары туралы арнайы хабарлар дайындалады. Аталған келісім-шарт елімізде осы спорт түрінің дамуымен қатар, қазақстандық спортшылардың халықаралық деңгейде дайындалуына септігін тигізетін болады» дейді,- «Қазақстан» РТРК АҚ басқарма төрағасы Ерлан Қарин.

 

Қос батыр арасындағы жекпе-жек қазан айының 6 күні Лас-Вегаста өтеді.