Саясат

С-400 «Триумф» немесе АҚШ долларына соққы

Ресей, Қытай, Үндістан бірікті ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ долларына тәуелділіктен бас тартып жатқан елдердің қатары көріне бастады. Дональд Трамптың саясаты мен АҚШ билігінің жүйесіне қарсы шығып, доллардан бас тарту туралы түрлі акциялар ұйымдастырылды. Атап айтқан кезде көрші Ресейден бастап, Түркцияның өзі бас көтеріп еді.

 

Ресейдің вице-премьері Юрий Борисов Үндістанның ракетаға қарсы с-400 «Триумф» қаруын сатып алғанын және оның төлемін рубльмен төлегенін мәлімдеді. Ең қызығы рубльмен төлеуге қызыққан тек Үндістан емес, Қытай да қолдап отыр.

Үндістан мен Ресей арасындағы С-400 қаруына байланысты келісім 5 қазан күні жүзеге асқан. Екі ел арасындағы саудаласу төлемі рульмен жүргені расталды.

Айта кету керек, алдағы апта ішінде Мәскеу мен Пекин арасында ақша айналымы бойынша қандай валюта тұрақты түрде пайдалануға болатыны жайында консультация өтеді.