Bugin

Арман Қырықбаев АҚШ елшісімен мәдениет және медиа саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джули Стаффтпен кездесті.

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

рлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері сөз болды.

Министр Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейде екенін атап өтті. Сонымен қатар екі ел басшыларының қарым-қатынасты дамытудағы рөліне тоқталды.

Джули Стаффт Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-та өтетін G20 саммитіне қатысуына дайындық барысын оң бағалады. Оның айтуынша, алдағы саммит екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді.

Кездесу барысында онлайн-платформалар мен масс-медиа саласындағы заңнамалық өзгерістер де талқыланды. Арман Қырықбаев елшіге Қазақстанда қаралып жатқан түзетулер туралы ақпарат беріп, цифрлық ортаны реттеу бағытында халықаралық тәжірибені, соның ішінде АҚШ тәжірибесін зерделеуге қызығушылық білдірді.

Сондай-ақ музей саласындағы ынтымақтастыққа назар аударылды. Елші америкалық және қазақстандық музейлер арасындағы кәсіби байланысты дамытуға, соның ішінде Қазақстан музейлерінің жәдігерлерін АҚШ-та көрмеге қоюға қолдау білдіруге дайын екенін айтты.

Кездесу соңында тараптар мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін растады.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61