ӘЛЕМ
Си Цзиньпин, Дональд Трамп пен Владимир Путин АТЭС саммиті аясында үшжақты кездесу өткізді. Жарияланған бірлескен декларацияда Украина аталмады.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Шэньчжэньдегі келіссөз шамамен бір жарым сағатқа созылды. Ашық бөлігі он минуттай жалғасып, онда Си Цзиньпин үш елді жаһандық мәселелерді шешу мен бейбітшілікті сақтауда өзгелерге үлгі болуға шақырды.
Владимир Путин халықаралық құқық жүйесін нығайтуға, әлемдік экономикалық байланыстар мен азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін талқылауға үндеді. Ол Украинадағы соғысты да атап өтті. Дональд Трамп үш елдің ядролық қаруды қысқарту және оның таралуына жол бермеу мәселелерінде бірлесіп жұмыс істеуіне шақырды.
Кездесуден кейін Кремль жариялаған декларацияда тараптардың стратегиялық тұрақтылық пен халықаралық қауіпсіздікті қолдауға келіскені айтылды. Құжатта БҰҰ-ны реформалау, мұнай өнімдерін өндіру мен жеткізуді ұлғайту, ядролық қатерді азайту және ядролық қаруды таратпау жөніндегі диалог туралы айтылған. Украина декларацияға енгізілмеген.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61