ДАМУ
Премьер-министр Ақтөбе облысындағы Дон кен байыту комбинатының шахтасына барып, жұмысшыларды қорғау жүйелерімен танысты. Ол кәсіпорын басшыларына қауіп-қатердің алдын алуға басымдық беруді тапсырды.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Олжас Бектенов Хромтау ауданындағы «ТҰК «Қазхром» АҚ-ға қарасты «Болашақ» шахтасын аралады. Кәсіпорында кен өндіру технологиялары мен жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәсілдері таныстырылды.
Премьер-министр өндіріс орындарының басшылары қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін жеке жауап беретінін атап өтті. Оның айтуынша, оқиғадан кейін салдарын жоюмен шектелмей, адам өмірі мен денсаулығына төнетін қатерді алдын ала анықтау қажет. Бектенов цифрлық бақылау құралдарын енгізіп, еңбек қауіпсіздігін өндіріс мәдениетінің бір бөлігіне айналдыруды тапсырды.
«Болашақ» шахтасы 2024 жылғы желтоқсанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен іске қосылған. Ол Миллионное және Алмаз-Жемчужина хромит кен орындарын біріктіреді. Кәсіпорында алты жерасты деңгейі бар, ал шахта оқпанының ұзындығы бір шақырымнан асады.
Жобаның инвестиция көлемі шамамен 1 трлн теңге, өндірістік қуаты жылына 7 млн тонна хромит кені деп көрсетілген. Шахтада 1,8 мың жұмыс орны ашылған. Қызметкерлер мен техниканың орналасуын бақылауға арналған жерасты позициялау жүйесі де қолданылады.
Үкімет мәліметінше, Төтенше жағдайлар министрлігі елдегі 20 шахта мен кеніштің мониторинг жүйелерінен тәулік бойы дерек алады. Ақпарат министрліктің Жағдай орталығына түсіп, жұмысшылар мен техниканың орналасуын, жерасты ауасының жай-күйін және қауіпті факторларды бақылауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61