Bugin
Алматыда «Әділет» партиясының сайлауалды науқаны аясында партия өкілдері «Керемет Су СКЕ» ЖШС еңбек ұжымымен кездесіп, кәсіпкерлікті қолдау, өндірісті дамыту және қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту мәселелерін талқылады.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Кездесуге Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар, Түрксіб аудандық сайлауалды штабының мүшелері және кәсіпорын қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында ұжымға партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Атап айтқанда, қаланың экономикалық әлеуетін арттыру, кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасау, жаңа жұмыс орындарын ашу және еңбек өнімділігін көтеру мәселелеріне басымдық берілді.
Сондай-ақ кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуі, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау және қауіпсіз еңбек ортасын қалыптастыру мәселелері сөз болды.
«Әділет» партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат, «Қазақша Speaking Club» қоғамдық жобасының авторы әрі тележүргізуші Ольга Спирина кәсіпкерлікті қолдау мен еңбек адамдарының жағдайын жақсартудың маңызын атап өтті.
Оның айтуынша, кәсіпорындардың тұрақты дамуы қаланың экономикалық өсімі мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді. Осыған байланысты партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, халықты тұрақты жұмыспен қамту, қызметкерлерге лайықты еңбек жағдайын жасау және олардың кәсіби дамуына мүмкіндік беру міндеттері қамтылған.
Дайындаған: «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: С.В. Канкуров.
Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61