ТЕХНОЛОГИЯ
Ел БҰҰ-ның Электрондық үкіметті дамыту индексінде сегіз сатыға жоғарылап, алғаш рет ең үздік рейтингтік топқа енді. Қазақстан Жапония, Германия және Ресейден озып шықты.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
БҰҰ есебінде Қазақстан көшбасшы елдер арасындағы ең елеулі өсім көрсеткен мемлекеттердің бірі ретінде аталды. Ел өңірде осы деңгейге жеткен алғашқы мемлекет болды.
Ең жоғары рейтингтік топқа электрондық үкіметі дамыған 21 ел кіреді. 2026 жылы оған Қазақстанмен бірге Ирландия мен Польша алғаш рет қосылды. Бұл топта Корея, Дания, Сингапур, Ұлыбритания, Эстония және АҚШ бар.
Қазақстанның индекс көрсеткіші 0,9009-дан 0,9363-ке дейін өсті. Әлемдік орташа көрсеткіш — 0,6675. 2024 жылы алда болған Швеция, Германия, Жаңа Зеландия, Австрия және Жапониядан да жоғары орынға шықты. Эстониямен арадағы айырма екі жылда төрт есе қысқарды. ТМД мен Орталық Азия елдері арасында Қазақстан көш бастап тұр: Өзбекстан — 32-орында, Әзербайжан — 38-орында, Ресей — 50-орында.
Мобильді байланыс пен интернеттің қолжетімділігі бойынша Қазақстан 41-орыннан 13-орынға көтерілді. Телекоммуникация инфрақұрылымының деңгейі Эстониямен теңесті. Цифрлық сауаттылық көрсеткіші шамамен бір жарым есе өсіп, білім мен дағды деңгейі бойынша ел 42-орыннан шамамен 28-орынға көтерілді. Цифрлық үкіметтің құқықтық базасы БҰҰ-ның ең жоғары бағасын алды.
БҰҰ Орталық Азияны 2026 жылғы басты жетістіктердің бірі деп атады. Есепте eGov.kz пен eGov Mobile біріктірілген цифрлық мемлекет үлгісі ретінде, ал alem.ai халықаралық орталығы білім, зерттеу, стартаптар және қолданбалы жасанды интеллектке арналған алаң ретінде көрсетілген.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61