ДАМУ

Қазақстанда ипотекалық несие көлемі бір жылда 17,2 пайызға өсті

2026 жылдың тоғыз айында тұрғын үйге берілген қарыздар 7,8 триллион теңгеге жетті. Жалпы несие қоржынындағы ипотеканың үлесі де артқан.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

2026 жылғы 1 қазанда Қазақстанның банк секторындағы несие қоржыны 46,4 триллион теңге болды. Бір жылда ол 11,6 пайызға, яғни 4,8 триллион теңгеге ұлғайған. Халыққа берілген қарыздар 26,7 триллион теңгеге жетіп, жалпы қоржынның 57,4 пайызын құрады.

Ипотеканың жалпы несие қоржынындағы үлесі бір жылда 16,1 пайыздан 16,9 пайызға дейін өсті. Ал бөлшек несие берудегі үлесі 27,9 пайыздан 30 пайызға жуықтады. Тұтынушылық несиелер көлемі осы кезеңде 9,4 пайызға өсіп, 17,7 триллион теңге болды.

2026 жылғы 1 қазанда халықтың тұрғын үй салуға, қайта жаңартуға және сатып алуға алған қарызы 8,3 триллион теңгеге жетті. Бұл халыққа берілген барлық несиенің 31,1 пайызы. Осы санаттағы мерзімі 90 күннен асқан берешек 33,4 миллиард теңге немесе тиісті несие қоржынының 0,4 пайызы болды. Отбасы банкіндегі тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесінің қолданыстағы депозиттері 4,25 миллионнан асады. Бұл — елдің экономикалық белсенді халқының 39,6 пайызы.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61