ӘЛЕМ
Квемо-Поничала ауданындағы бес қабатты тұрғын үйде газ жылытқышының ақауынан жарылыс болып, алты адам көз жұмды. Грузия үкіметі 22 қарашаны аза тұту күні деп жариялады.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Тбилисидің шетіндегі Квемо-Поничала ауданында орналасқан бес қабатты үйде жарылыс болып, ғимараттың шатырының бір бөлігі қираған. Қабаттар арасындағы жабындар да опырылып түсті.
Грузияның Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 9:00 шамасында пәтерде газ жиналып қалуынан болған. Бұған ақауы бар газ жылытқышы себеп болған.
Қаза тапқандардың үшеуі — әйел, біреуі — ер адам, екеуі — бала. Үйінді астында жеті адам қалған: үш жастағы баланы құтқарып, тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді. Олардың бірінің жағдайы ауыр. Іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды.
Грузия үкіметі алты адамның қаза болуына байланысты 22 қарашаны аза тұту күні деп жариялады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61