Bugin

ҚазҰУ-да медиа саласын зерттейтін халықаралық ғылыми орта қалыптасып келеді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде PhD докторанттарына арналған ақпараттық-кеңес беру кездесуі өтті. Жиынға ҚазҰУ-дың Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау басқармасының бас маманы Сағыныш Мадиев қатысты.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Кездесу барысында докторанттарға диссертациялық кеңестердің жұмысы, докторлық диссертацияны қорғау тәртібі, қажетті құжаттарды әзірлеу және тапсыру талаптары түсіндірілді. Сондай-ақ қорғаудан кейінгі аттестаттау рәсімдері туралы ақпарат беріліп, қатысушылардың ғылыми дәреже алу үдерісіне қатысты сұрақтарына жауап берілді.

Мұндай кездесулердің өзектілігі факультеттегі докторантураның халықаралық құрамының кеңеюіне байланысты артып отыр. Биыл Баспа және электронды БАҚ кафедрасына “Журналистика” және “Медиа және коммуникациялар” білім беру бағдарламалары бойынша 18 докторант қабылданды. Оның алтауы “Журналистика”, қалған 12-сі “Медиа және коммуникациялар” бағытын таңдаған.

Жаңа қабылданғандардың 11-і – Қытай азаматтары. Олардың арасында Ұлыбританиядағы Royal College of Art, King’s College London және University of York, сондай-ақ Қытайдағы Hebei Normal University, Lu Xun Academy of Fine Arts пен Xinjiang Normal University жоғары оқу орындарының түлектері бар.

Айта кетейік, Royal College of Art QS пәндік рейтингінде Art & Design бағыты бойынша әлемдегі жетекші оқу орны саналады.

Халықаралық академиялық тәжірибесі бар докторанттардың келуі ғылыми ортаға жаңа зерттеу бағыттарын енгізіп, салыстырмалы талдау мен мәдениетаралық ғылыми байланысты дамытуға мүмкіндік береді. Бұл қазіргі журналистика, цифрлық медиа және коммуникация салаларындағы жаһандық өзгерістерді зерттеу үшін маңызды.

Баспа және электронды БАҚ кафедрасы докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмысын қолдау, халықаралық академиялық байланысты кеңейту және медиа саласына жаңа буын зерттеушілерін даярлау бағытындағы жұмысын жалғастырады.

Әйгерім Әлжанова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61