ҚОҒАМ
АФМ өсімдік майын тазарту жобасына бөлінген қаражаттың бір бөлігі бақыланатын компаниялар арқылы шығарылған деп күдіктенеді. Мемлекетке келтірілген залал 297 млн теңгеден асқан.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Тергеу нұсқасы бойынша, жеке кәсіпкер 2023 жылы «Ғылым қоры» АҚ-дан өсімдік майын қалпына келтіріп, тазарту жобасын іске асыруға 350 млн теңгеге дейін грант алған.
Жоба аясында тот баспайтын болаттан жасалған үш өндірістік желі сатып алу көзделген. Алайда кәсіпкер техникалық талаптарға сай келмейтін көміртекті болаттан жасалған екі қондырғы ғана сатып алған. Өндіріс іске қосылмай, дайын өнім шығарылмаған әрі сатылмаған.
АФМ мәліметінше, қаражаттың бір бөлігі пайдаланылған өсімдік майын жеткізу ақысы ретінде өзара байланысты екі компанияның шотына аударылған. Кейін ақшаның бір бөлігі кәсіпкердің шотына қайтарылып, жобаға оның жеке қосқан үлесі ретінде рәсімделген. Тағы бір бөлігі автокөлік лизингі шарттары бойынша бастапқы жарналарға жұмсалған.
Тергеу барысында «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ қызметкеріне қатысты да күдік пайда болған. Жобаны бақылауға жауапты қызметкер 1,7 млн теңге заңсыз сыйақы үшін тексеру актілерінде анықталған заңбұзушылықтарды көрсетпей, қаржыландыруды жалғастыруға кеңес берген деген болжам бар.
Қазір екі күдікті қамауда. Сот алты автокөлікке, пәтерге және жабдыққа тыйым салды. Тергеу жалғасып жатыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61