ӘЛЕМ

АҚШ Украинаға аумақтан бас тарту орнына НАТО мүшелігін ұсынғаны айтылды

Дереккөздердің мәліметінше, Джаред Кушнер Украинаға Донбастан бас тарту орнына НАТО-ға мүшелік ұсынған. Тағы бір нұсқа бойынша, майдан шебіндегі қақтығысты тоқтатып, Киевке қауіпсіздік кепілдігін беру қарастырылған.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

Бұл мәселе өткен аптада Дублиндегі аэродромда Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездескен кезде көтерілген. Кушнер мен АҚШ-тың тағы бір өкілі Стив Уиткофф өткен аптада Біріккен Араб Әмірліктерінде Украина, Еуропа және Ресей өкілдерімен келіссөз жүргізгенде де тақырып талқыланғаны айтылды.

Аты-жөні аталмаған еуропалық көшбасшының сөзінше, мұндай ұсыныс тамызда өткен телефон арқылы сөйлесуде де сөз болған. Дереккөздер АҚШ-тың екі ықтимал сценарий ұсынғанын айтады: біріншісі — Украинаның Донбастан бас тартуы орнына НАТО-ға кіруі, екіншісі — қақтығысты майдан шебіндегі сызық бойымен тоқтатып, Киевке қауіпсіздік кепілдігін беру.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61