Футбол

Гризманн «Барселонаға» барады

Гризманн «Барселонаға» 120 млн еуроға баратын болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Атлетико" шабуылшысы Антуан Гризманн маусымның соңында командадан кететінін жариялады.

Гризманн Барселонада өз мансабын жалғастырғысы келетіні бәрімізге белгілі.

Бейресми ақпарат бойынша, Гризманнды "Барселонаға" алып келу бағасы 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап 200 миллион еуродан 120 миллионға дейін төмендеген және Испания чемпионы "Барселона" жартылай қорғаушысы Филипп Кутиньоны Гризманнмен ауыстыруды ұсынды. Бразилиялық Мадридке баруға келісетіні белгілі болды.

Дегенмен барлық бағыттар бойынша келіссөздер жүргізілуде және белгілі болғандай испан басылымы Sport.Es жазуынша "Барселона" мен "Атлетико" арасында ойыншыларды алмастыруы туралы келіссөздерде ілгерілеушілік бар.