ДАМУ

Тоқаев ауыл шаруашылығын несиелеуді жақсарту қажеттігін айтты

Президент фермерлердің ұзақ мерзімді әрі қолжетімді қаржыға қол жеткізуін жеңілдетуді және несие өтінімдерін бағалаудың цифрлық үлгісін енгізуді ұсынды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

Қасым-Жомарт Тоқаев банктердің ауыл шаруашылығын несиелеуге қатысуын кеңейту қажет екенін айтты. Оның сөзінше, қарызды өтеу кестесі өндірістің нақты кезеңдеріне сай жасалып, инвестиция салынатын уақытта негізгі қарызды төлеу кейінге қалдырылуы керек.

Президенттің айтуынша, кей фермерлер несие бойынша алғашқы төлем жасау үшін өнімін жинап алған соң бірден арзан бағаға сатуға мәжбүр. Тоқаев бұл мәселені шешуге Үкімет пен министрлік кірісуі керегін айтты. Сонымен бірге мемлекет ауыл шаруашылығына қомақты қаржы бөлетінін айтып, қаражатты тиімді әрі мақсатты пайдалану керегін ескертті.

Тоқаев өтінім беруден қаржы алуға дейінгі уақытты қысқарту үшін аграршылардың несие қабілетін бағалайтын цифрлық үлгі енгізуді ұсынды. Оның пікірінше, жасанды интеллект несие шешімдерінің ашықтығы мен объективтілігін арттырып, өтінімдерді қарау мерзімі мен әкімшілік кедергілерді азайтуға көмектесуі мүмкін.

Президент ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға арналған арнайы бағдарлама әзірлеу қажеттігін айтты. Үкімет оны халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп дайындап, ұзақ мерзімді қаржыландыруды, техникалық және сараптамалық қолдауды, заманауи технологиялар мен ғылыми әзірлемелерді енгізуді қарастыруы керек.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61