ӘЛЕМ

Моңғолия президенті өкілетінен мерзімінен бұрын бас тартты

Ұхнаагийн Хүрэлсүх өз өтініші бойынша қызметінен босатылды. Парламент дауыс берген депутаттардың 92,3 пайызы шешімді қолдады.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

Моңғолия парламенті — Мемлекеттік Ұлы Хурал — президент Ұхнаагийн Хүрэлсүхті өз өтініші бойынша қызметінен босатты. Бұл — ел тарихында президенттің мерзімінен бұрын өз еркімен қызметтен кетуінің алғашқы жағдайы.

Дауыс беруге қатысқан депутаттардың 92,3 пайызы шешімді қолдады. Президенттің өкілеті парламент төрағасы Сандагийн Бямбацогтқа берілді. Ол жаңа президент сайланып, ант бергенге дейін міндетін атқарады.

Дауыс беру алдында Хүрэлсүх атқарған жұмысына қысқаша тоқталып, елді бірлікке шақырды. Қызметтен босату туралы заң қабылданғаннан кейін ол мемлекеттік елтаңба мен туға құрмет көрсетіп, отырыс залынан шықты.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61