ДАМУ

Қазақстанда несие мен депозит құнын есептеу тәртібі өзгереді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктер мен микроқаржы ұйымдарына арналған бірыңғай ережені бекітті. Құжат 2026 жылғы 30 қарашадан бастап күшіне енеді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

Жаңа тәртіп жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) есептеуді біріздендіреді. Ол банктер мен микроқаржы ұйымдарына және Қазақстанның өзге қаржы ұйымдарына міндетті болады. Ислам банктері, сондай-ақ банкаралық қарыздар мен салымдар бұл талапқа кірмейді.

Несие берушілер ЖТСМ-ді жарнамада, шарттарда, жеке кабинеттер мен мобильді қосымшаларда өзге мөлшерлемелермен бірдей қаріп өлшемі мен үлгісінде көрсетуге тиіс. Шартта ол атаулы мөлшерлеменің қасында жазылады. Кредитордың сайтында барлық қосымша төлемді ескеріп, ЖТСМ есептейтін онлайн-калькулятор болуы керек; ломбардтар мен кредиттік серіктестіктерге бұл талап сайт болған жағдайда қойылады.

ЖТСМ шарт жасалған кезде, клиент сұрағанда, міндеттемелердің сомасы не төлеу мерзімі өзгергенде және өтеу кезінде бастапқы есепке кірмеген төлем жасалғанда есептеледі немесе қайта қаралады. Шарт талаптары өзгерсе, жаңа көрсеткіш қосымша келісімде белгіленеді. Кредит басқа тұлғаға берілсе, тиісті жағдайда қайта есептеуді жаңа кредитор жүргізеді.

Несие бойынша есепке негізгі қарыз, пайыздар, рұқсат етілген комиссиялар мен қосымша төлемдер алынады. Депозиттің ЖТСМ-ін есептегенде салым сомасы, комиссиялар, есептелген пайыздар, қайтарылған қаражат және тұрғын үй құрылыс жинақтары бойынша мемлекет сыйлықақысы ескеріледі. Мерзімі көрсетілмеген салым 12 айға ашылған деп есептеледі; пайыз төленбейтін салымның өзінде комиссиялар есепке алынып, ЖТСМ шартта көрсетіледі.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61