Bugin
Алматы қаласында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл шаралар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамда орнықтыру міндеттері аясында жүзеге асырылуда.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жастардың бойына заңға құрмет, адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын сіңіруге басымдық берілген. Осы мақсатта Алматы қаласындағы колледждерде құқық қорғау органдарымен бірлескен түсіндіру кездесулері ұйымдастырылып келеді.
Осындай шаралардың бірі Алматы технология және флористика колледжінде өтті. «Қылмыстық жауапкершілік: нені білу қажет?» тақырыбындағы кездесуге Алмалы ауданы Полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Мәулен Қапабаев бастаған құқық қорғау органдарының өкілдері, колледж әкімшілігі, оқытушылар мен студенттер қатысты.
Жиында мамандар қылмыстық жауапкершіліктің басталу жасы, заң талаптарын бұзудың салдары және әр азаматтың өз әрекетіне жауап беруі туралы түсіндірді. Сонымен қатар жастар арасында кездесетін ұрлық, бұзақылық, төбелес, денсаулыққа зиян келтіру және интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері сөз болды.
Құқық қорғау органдарының өкілдері заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтынын атап өтті. Сондай-ақ кез келген заңсыз әрекеттің белгілі бір құқықтық салдары болатынын ескертіп, жастарды заң талаптарын сақтауға шақырды.
Мамандардың айтуынша, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – құқық қорғау органдарымен қатар, білім беру мекемелері, ата-аналар мен қоғамның ортақ міндеті.
Осы бағытта Алматы қаласының Білім басқармасы білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға және профилактикалық жұмыстарды жүйелі жүргізуге ерекше көңіл бөліп отыр.
Мұндай кездесулер жастардың заң алдындағы жауапкершілігін түсінуіне, құқықтық мәдениетін қалыптастыруына және қоғамда саналы азамат ретінде қалыптасуына ықпал етеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61