ӘЛЕМ
Украина билігінің мәліметінше, түнгі шабуылдан Киевте жеті, Львовта екі адам көз жұмған. Киевте Днепр арқылы өтетін үш көпір зақымданды.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, Ресей түнде және таңертең елге 400-ден астам ұшқышсыз ұшу аппараты мен 110-нан астам зымыран жіберген. Зымырандардың 27-сі баллистикалық болған.
Киев мэрі Виталий Кличко қалада жеті адам қаза тауып, 16 адам ауруханада жатқанын хабарлады. Оның мәліметінше, Подольско-Воскресенский, Дарницкий және Оңтүстік көпірлері зақымданған. Львов мэрі Андрей Садовой қалада екі адам қаза тауып, тағы 10 адам ауруханаға жеткізілгенін айтты.
Украиналық билік елдің өзге өңірлерінде де энергетика, көлік және тұрғын үй нысандары зардап шеккенін хабарлады. Львов облысында электр қуатын апаттық ажырату кестесі енгізілген.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61