Bugin
Алматыда «Әділет» партиясының мәслихат депутаттығына кандидаттары жастармен ашық диалог өткізіп, қаланың даму бағыттары мен жас буынның өзекті мәселелерін талқылады.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Алматыда сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында Бостандық ауданындағы Бас жоспар ғимаратында «Әділет» партиясының Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттары қала жастарымен кездесті. Басқосуда қаланың даму перспективалары, жастардың әлеуметтік мәселелері және олардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуы талқыланды.
Кездесуге «Әділет» партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар, Бостандық аудандық сайлауалды штабының мүшелері мен жастар қатысты.
Жиында партияның 2026–2031 жылдарға арналған Алматы қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Кандидаттар қаланы дамытуға қатысты басымдықтар, алға қойылған мақсаттар мен міндеттер туралы баяндады.
Ашық диалог барысында жастарды толғандырған әлеуметтік мәселелер, қалалық ортаны жетілдіру және жас буынның әлеуетін дамытуға қатысты ұсыныстар қарастырылды. Қатысушылар кандидаттарға сұрақтарын қойып, қаланың одан әрі дамуына қатысты пікірлері мен бастамаларын ортаға салды.
«Әділет» партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат Айдар Күнтубай жастардың қоғамдық белсенділігі мен қала дамуындағы рөлінің маңыздылығына тоқталды.
«Жастар – қаланың дамуына серпін беретін маңызды күш. Партиямыздың Алматы қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасында жастардың сапалы білім алуына, жұмыспен қамтылуына, кәсіпкерлік бастамаларын жүзеге асыруына және кәсіби дамуына қолайлы жағдай жасауға ерекше мән берілген. Қаланың болашағын қалыптастыруда әрбір жастың пікірі мен азаматтық ұстанымы маңызды. Сондықтан 29 қарашада өтетін Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауына белсенді қатысып, „Әділет“ партиясына дауыс беруге шақырамын», – деді Айдар Күнтубай.
Кездесу қорытындысында жастар қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен жастар саясатын одан әрі жетілдіруге қатысты ұсыныстарын білдірді.
Дайындаған: «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: С.В. Канкуров. Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61