ҚОҒАМ

Астанада көлік саудасымен айналысқан адам 6 жыл 8 айға сотталды

Астана мен Қарағанды тұрғындарына 103 миллион теңгеден астам шығын келтірген азамат алты эпизод бойынша кінәлі деп танылды. Ол енді алты жыл бойы көлік сатып алу-сату саласында жұмыс істей алмайды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

Сот анықтағандай, азамат И. көлік саудасымен айналысып, жәбірленушілерге банк автонесие мақұлдаған сатып алушылар барын айтқан. Көлік иелері машиналарын қашықтан сол адамдардың атына рәсімдегенімен, ақшасын алмаған. Сотталушы қаражатты өз қалауынша жұмсаған.

Сот тергеуінде оның кінәсі жәбірленушілер мен куәлардың жауаптары, бейнежазбалар, беттестіру хаттамалары және істің өзге материалдары арқылы дәлелденді. Прокурор жеті жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

Азамат И. Қарағанды тұрғындарына қатысты айыпты мойындамай, ақтауды өтінген. Астана тұрғындарына қатысты эпизодтар бойынша кінәсін ішінара мойындап, қысыммен әрекет еткенін айтқан.

Сот оған алты жыл сегіз айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, көлік сатып алу-сату саласында алты жыл қызмет етуге тыйым салды. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61