ӘЛЕМ

Польшада зымырандар мен дронның сынықтары табылды

Польша аумағынан екі қанатты зымыран мен ұшқышсыз аппараттың сынықтары анықталды. Премьер-министр Дональд Туск дағдарыс штабының отырысын шақырды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

Польша қорғаныс министрі Владислав Косиняк-Камыш сынықтар үш жерден табылғанын мәлімдеді. Екі жағдайда қанатты зымырандардың, ал үшіншісінде дронның қалдықтары болуы мүмкін. Жергілікті билік зардап шеккендер жоқ екенін айтты.

Сынықтар Ресейдің Украинаға жасаған шабуылынан кейін табылған. Польша билігінің мәліметінше, соққы кезінде бірнеше нысан елдің әуе кеңістігіне кіріп, кейін құлаған.

Туск министрлер, қарулы күштер мен арнайы қызмет өкілдері қатысқан дағдарыс штабын жинады. Ол баспасөз мәслихатында бұл жағдай әдейі жасалған арандату болуы мүмкін екенін айтып, Польша Украинадағы бейбіт келіссөздерге қатысуы қажет деген пікір білдірді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61