Спорт

«ПСЖ» «Реалдың» үш ойыншысына қызықты

Париждіктер үш ойыншы үшін 210 миллион еуро төлеуге дайын

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Француздық "Пари Сен-Жермен" клубы "Реалдың" үш ойыншысы – Иско, Тони Кросс және Гарет Бэйлге көз тіккен сияқты.

Le Parisien мәліметінше, париждіктер аталмыш үш ойыншы үшін 210 миллион еуро төлеуге дайын. Бұл қаражатты "ПСЖ" Эдинсон Кавани мен Юлиан Дракслерді сату арқылы тапқысы келеді.

Айта кетейік, Дракслерді мюнхендік "Бавария" сатып алғысы келеді. Transfermarkt мәліметі бойынша, Иско, Кросс және Бэйлдің жалпы құны, дәл 210 миллион евроны құрайды. Роналду, "Ювентус" басшылығына Исконы сатып алу жөнінде кеңес берді деген мәлімет те бар.