ӘЛЕМ
Abzas Media редакциясының бірнеше журналисі тергеу изоляторында отырып, жемқорлық, тамақ сапасы мен тұтқындардың құқықтары туралы материалдар әзірлеген.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Abzas Media бас редакторы Севиндж Вагифгызы 2023 жылғы қарашада Әзербайжанға шетелдік сапардан оралған соң ұсталды. 2025 жылдың жазында сот оны тоғыз жылға бас бостандығынан айырды. Қамауда отырып жазған мақалалары редакцияның сайтына жарияланып отырған.
Онымен бірге редакция қызметкерлері Наргиз Абсаламова мен Эльнара Гасымова да ұсталған. Вагифгызының айтуынша, тергеу изоляторындағы өзге тұтқындар журналистерге мекемедегі жағдай туралы ақпарат жеткізіп тұрған. Осылайша, Бакудегі Құрдаханы тергеу изоляторында шартты түрде «Abzas кеңсесі» пайда болған.
Журналистер түрмедегі тамақтың белгіленген нормаларға сай еместігін, әйел тұтқындардың еңбекақыны ерлерге қарағанда кеш алатынын және изолятордағы парақорлықты жазған. Вагифгызының сөзінше, мақалаларды дайындауға екі-үш ай кетеді, ал ең қиыны — ақпаратты тексеру.
Журналистерді бір-бірінен бөлек камераларға орналастырып, сөйлесуіне шектеу қойған. Кейде олар желдеткіш саңылаулары арқылы сыбырлап ақпарат алмасқан. Вагифгызы жарияланған материалдардан кейін әйел тұтқындарға жылдар бойы берілмей келген азық-түлік пен гигиена заттары жеткізілгенін айтқан.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61