ҚОҒАМ

Астанада дүкендерге самса жеткізген цехтың жұмысы тоқтатылды

Санитариялық тексеру кезінде цехтан бірқатар талапқа сай келмейтін жағдай анықталды. Кәсіпорын қызметін бастау туралы міндетті хабарлама бермеген.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті нысанның жұмысын тоқтатып, қызметкерлерін міндетті медициналық тексеруден өткенге дейін уақытша жұмыстан шеттетті. Кәсіпкерге анықталған кемшіліктерді жою туралы нұсқама беріліп, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұл салынды.

Департамент мәліметінше, шаралар 2026 жылғы 19 қарашада қабылданған. Айыппұл сомасы 600 мың теңгеден асуы мүмкін.

Цех иесі әлеуметтік желіде жариялаған бейнежазбада цехтағы антисанитариялық жағдай көрсетіліп, видео кең тараған. Кәсіпкердің айтуынша, өнім күн сайын елордадағы шамамен 300 дүкенге жеткізіліп отырған.

Телеарна түсірілімінде кәсіпкер түсірілім тобына жақындап, микрофонды тартып алып, камераны сындырумен қорқытқан. Осыдан кейін оқиғаға қатысушылар полиция бөліміне жеткізілген. Кәсіпкер мен телеоператорға 86,5 мың теңгеден айыппұл салынған. Телеоператордың әрекеті басқа адамның тыныштығын бұзу деп бағаланған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61