ДАМУ

Түркістандағы 1113,4 МВт стансаның құрылысы 62 пайызға жетті

Сайрам ауданындағы бу-газ қондырғысы оңтүстік өңірлердегі электр тапшылығын азайтуға арналған. Бірінші қондырғыны жыл соңында қосып, тексеру жоспарланған.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Egemen Qazaqstan

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Түркістан облысына сапары кезінде «Түркістан» бу-газ қондырғысының құрылыс алаңын аралады. Стансаның жобалық қуаты – 1113,4 МВт.

Құрылыс-монтаж жұмыстары 62 пайызға, электр желілерін тарту 96 пайызға орындалған. Газ құбыры аяқталып, негізгі жабдықтар жеткізілген. Siemens компаниясының төрт газ турбиналық қондырғысы монтаждалып, іргетасына орнатылды. Құрылыс алаңында 2455 адам жұмыс істеп жатыр.

Жоба бойынша жеті ұңғыма қарастырылған. Қазір екеуінен тәулігіне 960 текше метр су өндіріледі, ал стансаның алғашқы қуатын іске қосуға тәулігіне 240 текше метр су қажет. Нысанға апаратын 3,1 шақырымдық жол пайдалануға берілген.

Жоспарға сәйкес, бірінші қондырғыны жыл соңында қосып, тексеру көзделген. 2027 жылғы мамырда желіге 382 МВт, тамызда тағы 382 МВт қосу, қыркүйекте жалпы қуатты 764 МВт-қа жеткізу жоспарланып отыр. Нәлібаев толық қуатқа шығару мерзімін 2028 жылғы наурыз-мамырдан 2027 жылдың соңына қарай жеделдетуді тапсырды. Станса іске қосылғанда Түркістан өңіріне, Шымкентке және Жамбыл облысына электр энергиясын бере алады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61