ҚОҒАМ
Астана мен еліміздің 17 облысында тұман, көктайғақ, жауын-шашын және екпінді жел күтіледі. Кей өңірлерде найзағай болуы мүмкін.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Қазгидрометтің мәліметінше, 21 қарашада Астана мен Қазақстанның барлық 17 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
Астанада, Ақмола облысында кей уақытта тұман мен көктайғақ болады, Көкшетауда тұман күтіледі. Абай облысының солтүстігі мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман мен көктайғақ болжанады, Семейде осы уақытта тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ Өскеменде түнде және таңертең тұман болады.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде күндіз жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады. Өңірдің солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман мен көктайғақ күтіледі, Қостанайда тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман болжанады. Жел екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында кейде 23 м/с болады. Оралда түнде және таңертең тұман, күндіз жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.
Маңғыстау облысының оңтүстігі, солтүстігі мен орталығында тұман күтіледі, күндіз кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с болады. Алматы облысының шығысында оңтүстік-шығыс желінің екпіні 15-20 м/с, кейде 25 м/с-ке дейін күшейеді. Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман мен көктайғақ, Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде, сондай-ақ Атырауда түнде және таңертең тұман болады. Атырау облысының батысы, солтүстігі мен шығысында күндіз жел екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Жетісу облысындағы Алакөл көлдері маңында оңтүстік-шығыс желінің екпіні 17-22 м/с болады.
Ұлытау облысының батысы, солтүстігі мен шығысында тұман мен көктайғақ, Жезқазғанда кей уақытта тұман күтіледі. Қарағанды облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде тұман мен көктайғақ болады, Қарағандыда түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде, сондай-ақ Петропавлда тұман мен көктайғақ болжанады. Павлодар облысының батысы, солтүстігі мен орталығында және Павлодарда да тұман мен көктайғақ күтіледі.
Түркістан облысының батысы, оңтүстігі, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр, найзағай және тұман болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда оңтүстік желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Шымкентте күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі, оңтүстік желдің екпіні 15-20 м/с болады. Түркістанда күндіз оңтүстік желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Жамбыл облысының солтүстігі, оңтүстігі мен таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыс желінің екпіні түнде таулы жерлерде, күндіз облыстың оңтүстік-батысы мен таулы аудандарында 15-20 м/с болады. Қызылорда облысының солтүстігі, шығысы мен орталығында тұман, Қызылордада кей уақытта тұман күтіледі.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61